19-06-24 |
3610 рет қаралған
Астанада шілденің 3-4 күндері қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге көшуі мүмкін.
Астанада шілденің 3-4 күндері қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге көшуі мүмкін

Астанада 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады. Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді.

Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.