АСТАНАДА МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА?
Астана қаласында мектепішілік лагерьлердің екінші маусымы ашылып, өз жұмысын бастады. Лагерьлердің ұйымдастырылуы, жұмыс барысы және балалардың немене айналысып жатқанын білу мақсатында қаладағы екі мектепте барып, тілшіміз мән-жайды біліп, қанығып қайтқан еді.
Жалпы қалада биылдан бастап, мектепішілік лагерьлер жұмысы өз жемісін бергені байқалады. Оған дәлел – бірінші кезең демалысы ойдағыдай өтіп, оған ата-аналар да разы болған. Себебі, лагерьлер тегін әрі баланың жазғы демалысын тиімді өткізудің таптырмас жолы. Мәселен, № 79 мектеп-лицейінің директоры Құралай Мұқышева лагерьдің екінші кезеңінің ерекшеліктеріне айтып берді.
– Биылғы ерекшелігіміз – этнолагерь ашып жатырмыз. Қалалық білім басқармасы 20 мектепте осындай этнолагерь ұйымдастырып, мектеп ауласына киіз тігіп, балаларды салт-дәстүрімізді үйретуге жол ашылып отыр. Этнолагерь балалардың қызығушылығын оятып, лагерьдің бірінші кезеңі жақсы өтті. Сөйтіп, бірінші кезеңде болған балалардың көпшілігі екінші кезеңге де қалды. Этнолагерьден бөлек, туризм, IТ және дарынды балаларға арналған лагерьлер бар. Екінші кезеңде мыңғы жуық бала қабылдадық.
Этнолагерьлер біз мектеп секілді аралас мектептерге өте қажет деп ойлаймын. Мәселен, ол лагерьде екі адам күнделікті балаларға кілем тоқу, кесте тігу, ағаш бұйымдарын жасау, тұрмыстық салт-дәстүрлер және ұлттық тәрбиеден қызықты шаралар өткізеді, – деді № 79 мектеп-лицейінің директоры Құралай Мұқышева.
№ 79 мектеп-лицейінің ауласында киіз үй тігіліп, оның іші толықтай ұлттық бұйымдармен жабдықталған екен. Ерікті екі зейнеткер лагерь аясында оқушыларға ұлттық дәстүрлерді үйретіп, тұрмыс-салт бұйымдарын жасауға баулиды.
Бұдан бөлек қаладағы спорт бағытындағы мектепте де оқушыларға жаздық лагерьлер ұйымдастырылған. Мәселен, біз барған № 32 мектеп-гимназиясында балалар арасында спорттың әртүрінен жаздық секциялар жұмыс істеп тұрғанын көрдік.
– Спорттық лагерь 3 маусымнан басталды. Лагерьде спорттың барлық түрі қамтылған: футбол, шағын футбол, волейбол, баскетбол, ұлттық ойындар оның ішінде асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, үстел тенисі, еркін күрес, дзюдо және каратэ бар. Лагерьде 12-15 жас аралығындағы 78 бала қамтылған. Лагерьдің бірінші кезеңде бізде шығармашылық және кәсіби бағытта болды. Ал екінші кезеңді арнайы спорт бағытында ұйымдастырып отырмыз. Осындай спорт лагерьлерінің арқасында оқушыларымыз асық ату, бес тас, тоғызқұмалақтан қалаішілік жарыста 3 орын иеленді, – деді № 32 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шалахаев Бекайдар.
№ 32 мектеп-гимназиясының ауласында төбесі жабылған үлкен спорт алаңы және ашық тағы бір спорт алаңы бар. Екі спорт алаңында да оқушылар түрлі спорт түрлерімен айналысып жатты. Одан бөлек ғимараттағы спорт залда оқушылар баскетболдан ойын өткізіп жатқанының куәсі болдық.
Астана қаласы білім басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың жазғы кезеңінде жазғы демалыстың барлық түрлерімен 1-10 сыныптың 200 мыңнан астам оқушысы (96%) қамтылмақ.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру екі бағыт бойынша жүргізіледі – сауықтыру және жұмыспен қамту. Қаланың білім беру ұйымдарының базасында 97 мектеп жанындағы лагерь, оқушылардың қызығушылықтары бойынша 75 бейіндік лагерь және 21 этнолагерь жұмыс істеп тұр.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024