Бизнес әлемнің осы жылдағы ең әсерлі оқиғасына дайындалыңыз! 27-29 маусым аралығында Алматы New Vision: Бизнес күші ең бизнес форумында әлемнің түкпір-түкпірінен 50-ден астам жетекші сарапшылар мен 1000-нан аса инвесторларды тарту орталығына айналады.
Nobel Fest және Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO) бірлесіп ұйымдастырған бұл форум жай ғана іс-шара емес, тәжірибе, құнды кеңестер мен инновациялық идеялар алмасудың нағыз алаңына айналады.
Ең өзекті трендтер мен тенденциялар жайлы өз ойын бизнес әлемнің келесідей жұлдыздары бөліседі:
- Ричард Брэнсон —миллиардер, визионер, Virgin Group компаниясының негізін қалаушы және бас директоры.
- Джефф Хоффман — Priceline.com/Booking.com, uBid.com тең құрылтайшысы, электронды коммерция саласындағы новатор, жаһандық кәсіпкер, миллиардтық корпорациялардың бас директоры.
- Брайан Трейси — өзін-өзі дамыту бойынша әлемдегі ең танымал сарапшы.
- Аллан Пиз — нетворкинг бойынша әлемдік сарапшы, «Дене тілі» жаһандық бестселлерінің авторы.
- Жозе Баррозу — Goldman Sachs’ International Advisors төрағасы, Португалия Премьер-Министрі (2002-2004), Еуропалық комиссияның төрағасы (2004-2014).
- Джессика Кокс — мотивациялық спикер және лайф-коуч. Гиннесс рекордтар кітабына енген. Екі қолы жоқ болып дүниеге келген Джессика ұшақ басқарады, көлік жүргізеді, аквалангпен суда сүңгиді, жекпе-жек өнерінде қара белбеу иегері.
- Винита Гупта — инновациялар бойынша халықаралық сарапшы, АҚШ-та өз компаниясын IPO-ға сәтті шығарған алғашқы үнді әйелі.
- Айдын Рахымбаев — елдегі ең ірі құрылыс холдингтерінің бірі BI Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы.
- Тимур Турлов — қазақстандық кәсіпкер және қаржыгер, Freedom Holding Corp компаниясының бас атқарушы директоры.
- Арманжан Байтасов — белгілі қазақстандық медиа менеджер, кәсіби журналист, Tan Media Group басшысы, ТРК «31 канал» және Қазақстандағы тағы да басқа тәуелсіз БАҚ негізін қалаушысы.
New Vision аясында түрлі форматтар қарастырылған: панельдік сессиялар, воркшоптар, көрме, тәлімгерлік аймағы, ашық пікірталастар.
Биыл форумға Димаш Құдайберген қатыспақ. Әлемге әйгілі әнші өзінің ең танымал хиттері мен жаңа әндерін орындап, арнайы бағдарлама ұсынады.
50-ден астам түрлі сессияларда сарапшылар жасанды интеллект әлеміндегі адамзаттың болашағы, заманауи трендтер мен технологиялар, даму стратегиялары, бизнесті ұлғайту, геосаясат, мегатрендтер және олардың әлем болашағына әсері сияқты тақырыптарды көтереді.
Аталған сессиялар аясында форум қатысушыларының мүмкіндіктері болады:
- Заманауи әлемдегі бизнесті жүргізудің қиындықтары мен мүмкіндіктерін талқылауға;
- Перспективті инвестициялық мүмкіндіктер мен нарық трендтері туралы білуге;
- Басқа кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу арқылы өз бизнесін дамыту үшін кеңес пен қолдау алуға;
- Әріптестеріңізбен даму стратегияларын талқылау арқылы іскерлік қатынасты кеңейтуге және жаңа серіктестіктер табуға;
- Бизнестегі табысты көшбасшылар мен сарапшылардан шабыт пен мотивация алуға;
- Ірі компаниялардың құрылтайшыларымен танысып, олардың табыс құпияларын білуге.
Қазақстандағы су тасқынына байланысты іс-шарадан түскен табыстың 50%-ын зардап шеккен өңірлерге аудару туралы шешім қабылданды.
Осылайша, форумның әрбір қатысушы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге өз үлесін қоса алады. «New Vision: Бизнес күші» форумына қатысу шара қонақтарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші бизнес көшбасшылардан кәсіпкерлік пен бизнестегі жаһандық мегатрендтер туралы баға жетпес тәжірибе мен білім береді.
Форум аясында кәсіпкерлер өздерінің жаңа өнімдері мен қызметтерін нарыққа ұсынатын жаһандық бизнес көрмесі өтеді. Бұдан бөлек, форум аясында стартаптар үшін инвесторлардың назарын аударуға және бизнес-мүмкіндіктерді кеңейтуге қайталанбас мүмкіндік ұсынатын питчинг-сессиялар ұйымдастырылады.
Қатысушалар сондай-ақ бизнестегі әлемдік көшбасшылармен жабық мастер класстарға, воркшоптарға және жаһандық YPO мүшелерімен кешкі астарға қатыса алады.
Билеттер жайлы толығырақ біліп, жаңалықтардан қапы қалмау үшін https://newvision.academy/ сайтын қараңыз.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024