21-06-24 |
6580 рет қаралған
Украинада журналисті атқан полиция болып жұмыс істеген.
Украинада журналисті атқан полиция болып жұмыс істеген

Бұған дейін Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садықова Украина полициясы “Бәсе” каналының басшысын өлтірмек болған қылмыскерлерді тапқанын мәлімдеген.

Оның айтуынша, бұл екі Қазақстан азаматы – 1991 жылы туған Мейрам Қаратаев пен 1988 жылы туған Алтай Жақанбаев. «Бұл арамзалар» 2 маусымда Киевке келіп, жалдамалы пәтерлерде тұрып, Айдостың соңынан еріп, қылмысты жоспарлаған, – дейді әйел.

«Сонымен қатар, Мейрам Қаратаев Қостанай облысы ІІД қызметкері, ол қызметкерлер арасында оқ ату жарысында бірінші орын алды», – деп жазды Наталья.

Бұл мәлімдемеге қатысты ҚР ІІМ жауап қатты. Олардың айтуынша, Қаратаев осыдан бес жыл бұрын полиция қызметінен кеткен.

«Азамат Қаратаевқа келетін болсақ, ол сонау 2019 жылдың қаңтарында ішкі істер органдарынан босатылғанын, қазір полицияда жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз осы істің барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті жедел шаралар қабылдаудамыз. Жұмыс қорытындысы бойынша қосымша ақпарат береміз», — деп түсіндірді ҚР ІІМ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.