Қарағандыдағы кісі өліміне қатысты 8 күдікті тұтқындалып, күдікті Гурурянға іздеу жарияланған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді.
«Бүгінгі күні Қарағандыда бұзақылық әрекет жасап, 23 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен 8 адам ұсталып тұтқындалды және күдіктілердің бірі Гурурянға іздеу жарияланды. Тергеу аясында полиция тобы оның болуы мүмкін жеріне кетті. Күдіктінің берілуге дайын екендігі туралы мәлімдемесі желіге жариялануына байланысты осыдан 2 күн бұрын оның туыстарына қызметкерлеріміздің байланыс деректері берілген болатын. Алайда осы күнге дейін ешкім байланысқа шыққан жоқ. Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің айрықша бақылауына алынған», – деді Алмас Садубаев.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024