02-07-24 |
6380 рет қаралған
Қуандық Бишімбаев изоляторда кіммен төбелесті?.
Қуандық Бишімбаев изоляторда кіммен төбелесті?

Әлеуметтік желіде азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы тергеу изоляторында төбелес шығарды деген ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті аталған жайтқа қатысты түсінік берді.

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, Бишімбаев изоляторда бірге отырған камераласымен сөзге келіп, оған дене жарақатын келтірген. Алайда ҚАЖК бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.