03-07-24 |
5120 рет қаралған
Айдос Садықовқа қастандық жасағандар Молдоваға, артынша Анталияға өтіп кеткен.
Айдос Садықовқа қастандық жасағандар Молдоваға, артынша Анталияға өтіп кеткен

Қазақстандық журналист және блогер Садықовқа қастандық жасады деген күдікке ілінген Мейрам Қаратаев пен Алтай Жақанбаев қастандықтан кейін Молдоваға өтіп кеткен.

 «Молдова: Релевант» басылымы осындай мәліметтермен бөлісті. Шекара қызметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша, Жақанбаев пен Қаратаев 18 маусым күні сағат 18:28-де Паланка кедені арқылы Молдоваға кірген. Олар 19 маусым күні сағат 01:20-да Кишиневтен Анталияға ұшақпен аттанған.

«Осы адамдардың бірі Молдова аумағына алғаш рет 2024 жылы 19 мамырда кірген. Ол Кишинев халықаралық әуежайынан Франкфуртқа (Германия) рейспен елден кетті», – деп толықтырды басылым.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алтай Жақанбаевтың өзі қазақстандық полицияға берілген болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.