09-07-24 |
6700 рет қаралған
Олжас Бектенов жол құрылысы кезінде жемқорлық тәуекелдерін азайту жұмысын күшейтуді тапсырды  .
Олжас Бектенов жол құрылысы кезінде жемқорлық тәуекелдерін азайту жұмысын күшейтуді тапсырды  

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін кешенді шешу қажеттігін атап өтті. Бұл ретте Үкімет басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі жұмысты күшейтудің маңыздылығына тоқталды. Көлік министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп қолданыстағы жобалардың уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Үкімет басшысы бірқатар проблемалық мәселелерге назар аударды.

«Жалпыға ортақ жолдарда ауыр жүк таситын карьерлік автокөліктердің жүруі негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Бұған дейін Көлік министрлігіне тиісті параметрлерге сай келмейтін ауыр техниканың жүруіне тыйым салу үшін қажетті шаралар қабылдау тапсырылған болатын. Сондықтан заңнамаға түзетулер енгізілді. Жаңа норма 2026 жылдан бастап жалпыға ортақ жолдарда карьерлік жүк көліктерінің жүруіне тыйым салуды көздейді. Дегенмен, бұл норманы 2025 жылдан бастап енгізу мәселесін пысықтау қажет», — деп тапсырды Олжас Бектенов, бұл ретте жыл сайын туындайтын жұмыстардың ортасында жол-құрылыс материалдарының жетіспеушілігі мәселесіне назар аудара отырып.

Осыған байланысты Көлік министрлігіне инертті материалдардың, техникалық және еңбек ресурстарының бар-жоғын тексеру, сондай-ақ мердігер компанияларды жол битумымен уақтылы қамтамасыз ету тапсырылды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.