10-07-24 |
7810 рет қаралған
Қарағанды облысында 130,0 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылмақ.
Қарағанды облысында 130,0 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылмақ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылға Қарағанды облысы бойынша ауданы 130,0 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр. 

Жыл басынан бері Қарағанды облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен пайдаланбай жатқан 41,0 мың гектардан астам ауылшаруашылық жерлер мемлекетке қайтарылды, оның ішінде егістік- 3,0 мың гектар, жайылым- 38,0 мың гектар.

Бүгінде облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  Департаменттің 19,1 мың гектар пайдаланбай жатқан ауылшаруашылық жерлерін мәжбүрлеп қайтару жөніндегі талаптары қаралуда. 

Аталған жер  пайдаланушыларға Департамент тарапынан жер учаскелерін игеру қажеттігі және жер заңдылығының бұзылуын жою туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді.

Сонымен қатар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жалпы сомасы 586 мың теңге айыппұл салынып және салық көлемдерін 20 есеге ұлғайту жөнінде мемлекеттік кіріс департаментіне ақпарат ұсынылып, шара қабылданған болатын.

Қазіргі уақытта 31 жер пайдаланушы Департаменттің бақылауында тұр. Егер көрсетілген мерзімге дейін олар жерін игермесе мәжбүрлеп қайтару жөніндегі жұмыстар жүргізілуі ықтимал. Оларға 60,1 мың гектар жерді игеру жөнінде нұсқама берілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.