10-07-24 |
5850 рет қаралған
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің басшысы ұсталды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің басшысы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Әділет Мұстафинов ұсталды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің басшысы ұсталды», – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Бұған дейін «Президентке хаттар» Telegram-арнасы 9 шілдеде Мұстафиновтың «бір жұмбақ әйелден» 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен өз кеңсесінде ұсталғанын хабарлаған.

«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Мұстафинов 2023 жылдың мамыр айынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық іздестіру департаментін басқарып келеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.