11-07-24 |
3470 рет қаралған
Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан шетелдік ұсталды.
Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан шетелдік ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы таяу шетел азаматын ұстады.

Күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болып табылатын материалдар бар екі ұялы телефонды тәркіледі.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.