Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресімен танылған депутат Ермұрат Бапиға шұғыл медициналық диагностикаға жіберу ұсынылғаны белгілі болды. Бәпиді «новичокпен» улаған деген күдік бар.
Денсаулығы сыр берген депутат шұғыл түрде емделуге Еуропаға аттанған.
Шамамен жарты жыл бұрын Ермұрат Бапиде ауыр сырқаттың белгілері байқалған. Диагнозды анықтап, Қазақстандағы аурудың себебін түсінуге тырысқан беделді дәрігерлер оның шығу тегі белгісіз улану белгілері бар екенін айтқан. Осыған орай, 10 шілдеде ол молекулалық диагностикаға бара жатқанын айтқан.
«Ауырып қалған жағдай бар… Диагноз белгісіз… Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді… Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен… Көрерміз… Аман болайық, ағайын!», – деп жазды депутат әлеуметтік желіде.
Бапиға шалдыққан аурудың сыртқы белгілері посткеңестік кеңістікте кеңінен қолданылатын жүйке улануларының белгілеріне ұқсайтыны белгілі. Симптомдар бірнеше ай бойы байқалған. Соңғы кездері мәжілісменнің жағдайы нашарлап, оған ауыр медициналық көмек қажет болды. Диагноз қою үшін дәрігерлердің үлкен кеңесі болған. Осыдан кейін оған Еуропалық клиникаға қаралуға кеңес берілген.
Айта кетсек, халық қалаулысы Ескі Қазақстан өкілдерін үнемі сынап, халықты тонағандардың ақшасын шетелден қайтару мәселесін көтеріп жүрген болатын. Бұған дейін оппозициялық журналист Айдос Садыққа Украинада қастандық жасалған болатын.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024