16-07-24 |
6830 рет қаралған
Қазақстанда 3 мың адам онкологияға қарсы дәрінің сынағына қатысады.
Қазақстанда 3 мың адам онкологияға қарсы дәрінің сынағына қатысады

Елімізде қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі-дәрмектерді клиникалық сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте айтты.

Министрдің айтуынша, зерттеуге онкологиямен ауыратын 15 науқас қатысқан, деп жазды Azattyq Rýhy.

«1 шілдеден бастап тестілеудің екінші кезеңі басталды. Клиникалық сынаққа 3 мыңға жуық адам қатысады. Барлығы 5 мыңнан астам онкологиялық науқас сынаққа қатысуға ниет білдіріп, тіркелді. Қаражат Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның шешімімен қарастырылған – зерттеу тобына екінші кезеңді жүргізуге шамамен 2 млрд теңге тамызда аударылады. Жыл соңына дейін біз барлық деректі өңдейміз. Келесі жылы дәрі-дәрмекті тіркеуге шығарамыз деген сенімдеміз», — деді Саясат Нұрбек.

Онкологияның ең агрессивті түрінің бірі – тоқ ішек қатерлі ісігінің IV сатысы анықталған науқастар ерікті ретінде қатысқан клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша препарат тиімділігін көрсетті. Ісіктің қалыптасуы орта есеппен 30%-ға азайды.

Екінші кезең түрлі қатерлі ісігі бар адамдарға дәрі-дәрмекті тексеріп көруді қамтиды. Сынақ Астана, Алматы және Павлодарда өткізіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.