18-07-24 |
6640 рет қаралған
Өзбекстан азаматы шекарадан өтерде есірткі салынған пакетті жұтып қойды.
Өзбекстан азаматы шекарадан өтерде есірткі салынған пакетті жұтып қойды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды. Бұл туралы антикор хабарлады.

«Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат тәркіленді.

«Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды.

Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды», – делінген хабарламада.

Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.

Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.

Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.