18-07-24 |
7560 рет қаралған
Бағаны аса көтергені ірі сауда желілеріне айыппұл салынды.
Бағаны аса көтергені ірі сауда желілеріне айыппұл салынды

Алматыда Small, Metro және ең ірі премиум-классты Esentai Gourmet сауда нормасын асырғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Сауда министрлігі хабарлады.

Көбінесе сауда желілері осындай бұзушылықтарға жол берді – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін асырып, әртүрлі бағаларды қолдану (немесе баға белгілерінің болмауы). Бұл үшін айыппұл 100 мыңнан бір миллион теңгеге дейін болуы мүмкін.

«Бүкіл республика бойынша филиалдары бар Small және Metro ірі сауда желілері, сондай-ақ ең ірі Esentai Gourmet премиум азық-түлік дүкені тауар бағасын асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Сауда министрлігі.

Небәрі жарты жылдың ішінде әр өңірде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты екі мыңнан астам әкімшілік іс қозғалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.