19-07-24 |
4670 рет қаралған
Ақтөбеде 2019 жылы пайдалануға берілген үй жарамсыз болып қалды.
Ақтөбеде 2019 жылы пайдалануға берілген үй жарамсыз болып қалды

Ақтөбе облысының прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 278-бабының 2-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық, сапасыз салынған құрылыс және сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқтағандарын мәлімдеді.

Мәселен, 2018 жылы Ақтөбе құрылыс басқармасы мен «Машат» ЖШС-гі арасында Ақтөбе қаласында жалпы сомасы 337 миллион теңгеден астам 24 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысына келісімдер жасалған. Тұрғын үйлердің құрылысы кейіннен қосалқы мердігер «Агро-Сервис» ЖШС-не берілген.

Көппәтерлі тұрғын үйлер 2019 жылдың қазан айында пайдалануға берілген.

Алайда құрылыс аяқталғаннан кейін үйлердің іргетасында әртүрлі деформациялар (жарықтар) пайда болған.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, үйлер апатты жағдайда, пайдалануға жарамсыз және бұзуға ұсынылған. Іргетас бетон блоктарының техникалық сипаттамалары ГОСТ талаптарына сәйкес келмейді.

Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдіктілерге қатысты «үйқамақ», сондай-ақ «кепіл» түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

Қазіргі уақытта облыс прокуратурасымен төрт күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.