19-07-24 |
12010 рет қаралған
Колумбия жағалауында суға кеткен мигранттар қайығында қазақ жігіті болған.
Колумбия жағалауында суға кеткен мигранттар қайығында қазақ жігіті болған

9 шілдеге қараған түні Колумбия жағалауында суға батқан қайықта Қабидолла Қали есімді Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы сол қайықта болған тағы бір қазақстандық Байхан Жапақ айтты, деп жазды Азаттық радиосы.

АҚШ-қа баруды көздеген бес қазақстандық (үш ересек, екі бала) өзге мигранттармен бірге Колумбияның Сан-Андрес аралынан Никарагуаның Корн аралына қайықпен шыққанда толқын көтеріліп, қайық аударылған. Байхан Жапақ пен оның отбасын: әйелі мен екі баласын және өзге мигранттарды Колумбияның жағалау күзеті құтқарған.

Осы сапарда бірнеше адам опат болған. Соның бірі қазақстандық Қабидолла Қали деп айтылады.

Қабидолла Қалидің қаза болғанын Байхан Жапақ Колумбияның көші-қон орталығында естіген.

«[Көші-қон орталығына] ол кісінің сүйегін алып кетейін, бірге келдік дедім. Бұлай болмайды, туған-туысы, саусақ ізі я елшіліктен хат жіберу керек деді. Кейін Қабекеңнің туыстарымен байланысқа шықтық» деді Байхан Жапақ.

АҚШ-қа бет алған мигранттар мінген қайық суға батты. Қайықта қазақстандықтар да болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.