Алматы облысы Қарасай ауданының полиция департаменті ер адамның ұлттық киім киіп, биік өкшемен киіз үйде билеп жатқаны көрінетін даулы видеоға мәжіліс депутаттары наразы болғаннан кейін қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде Informburoға сілтеме жасап, Азаттық хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, «Ұлттық алауыздық қоздыру» бабы (174-баптың 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптама тағайындалып, оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Сараптама нәтижесіне қарай оған құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданатыны айтылды.
Маусым айында әлеуметтік желілерде ер адамның биік өкшемен киіз үйде би билеп жатқаны көрінетін видео қызу талқыланған. Видео дау тудырып, бірқатар ресми тұлғалар видео «қазақ халқының құндылықтарына қайшы» келетінін айтқан. Кейбір парламент депутаттары киіз үйдегі биді «тұтас ұлтты қорлау» деп атап, әртістерді жазалауды талап етті.
Видеодағы әртістер әлеуметтік желіде кибербуллингке ұшырады. Киіз үйде би билегендердің бірі хореограф Әлішер Сұлтанбекұлы «қарапайым жұртқа шығармашылық адамдарды түсіну қиын, шығармашылық адамдарының әлемі мүлде бөлек» деп мәлімдеді. Ол видео «дәстүрді қорлау» деген пікірмен келіспейтінін жеткізіп, «мұнда өзіндік ирония бар» деді.
Ал құқық қорғаушылар «дәстүрлі құндылықтар үшін күресте» екіжүзділік байқалатынын айтқан.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024