Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
Дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша аукциондардың жартысынан көбі бәсекелестік емес тәсілмен өткен: 2020-2023 жылдар кезеңінде барлығы 1 241 лот. Бұған тек бір өтінім келіп түскен кезде, жеңімпазды анықтауға мүмкіндік беретін, Қағидаларға енгізілген нормалар ықпал етті.
«Фармацевтикалық компаниялар осы олқылықты басқа жабдықтаушылармен келісе отырып, ең жоғары бағамен тендерлерді жеңіп алды. Осылайша бәсекелестік және сатып алу құнының төмендеуі қамтамасыз етілмеді. 2020-2023 жылдардағы аукциондардың қорытындысы бойынша үнемдеудің едәуір үлесі (81%) барлық лоттардың 8%-ы есебінен ғана қалыптасты (6513-тен 567-сі). Әрбір үшінші лотта бағаның төмендеуі мүлдем болған жоқ.
Делдал-жабдықтаушылардың аукционның бірінші қадамына қатысудан жиі бас тартуы, оларға жұппен қатысу және «жеңістермен алмасу» картельдік келісімнің кеңінен қолданылуын көрсетеді. Бұл ойдан шығарылған бәсекелестікті құру және сатып алу бағасын ұстап тұру үшін жасалады», – деп хабарлады Антикор.
Медициналық жабдықты сатып алу кезінде тендерлік комиссия өтінімдері тендер шарттарына сәйкес келмейтін жабдықтаушыларды аукционға жіберген.
Мұнда сатып алу құнын негізсіз көтеру тәуекелдері де туындады. Іріктемелі талдаумен құны әр түрлі, бірақ техникалық сипаттамалары бойынша ұқсас медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша 13 шарт анықталды (6,7 млрд теңгеге асыра бағалау тәуекелдері).
«Бұдан басқа, ұзақ мерзімді шарттар жасасу процестерінің айқын болмауы іс жүзінде отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуға ниеті жоқ компанияларды негізсіз байытуға ықпал етті (36 отандық өндірушімен барлығы 92 шарт жасалды, сатып алудың жалпы көлемі 315 млрд теңгені құрады). Сонымен, 8 отандық өндірушінің қызметінде нақты өндірістің орнына шетелдік өнімдерді (қолғап, шприц, йод және т.б.) әкелу белгілері бар.
Бұл импорт туралы мәліметтер, тауардың қажетті мөлшерін өндіру үшін шеттен әкелінетін шикізаттың жеткіліксіздігі, өндірістік қуаттардың жетіспеушілігі, сондай-ақ электр және су тұтыну бойынша көрсеткіштердің қалыптан тыс төмендігі туралы мәліметтерден көрінеді», – делінген ақпаратта.
Персоналды басқару блогы бойынша адамдарды конкурссыз жұмысқа орналастыру, конкурстық комиссияда тәуелсіз мүшелердің болмауы, мүдделер қақтығысын жою жөнінде шаралар қабылдамау, командалық орын ауыстырумен, қосымша ақыларды, сыйақыларды, іссапар төлемдерін, сондай-ақ СҚФ-да іс жүзінде жұмыс істемеген жекелеген қызметкерлердің жалақыларын заңсыз бекітумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
«Жалпы, сыртқы талдау қорытындылары СҚФ-да менеджменттің дұрыс ұйымдастырылмайтынын көрсетеді, бұл олардың алдына қойылған міндеттерді тиісті деңгейде іске асыруға мүмкіндік бермейді.
СҚФ іс жүзінде өндірушілермен тікелей жұмыс істемеді, барлық жұмыс делдалдар арқылы құрылды», – деп қорытындылады Антикор.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024