Елдегі жолдардың жәй-жапсарын жасанды интеллект арқылы білуге болады. Ұлттық сапа орталығы ойлап тапқан SRDS бағдарламасы трассадағы 8 ақауды анықтайды. Яғни, асфальт жабындысының беріктігі мен ой-шұқыры туралы автоматты түрде ақпарат жинауға мүмкіндік бар. Осыған ұқсас жүйе Америка мен Еуропада кеңінен пайдаланылады. Ал, орталық Азияда алғаш болып ақылды құрылғыға ие болған Қазақстан ғана. Бұл туралы KAZINFORM жазды.
Бұрын инженерлер 100 шақырым жолдың сапасына диагностика жасау үшін төрт күн жоғалтатын. Қазір бұл іс төрт сағатта бітеді.
Айналасы бейнекамерағы толы көліктер жолдың кедір-бұдырын бірден сезеді. Ал, жасанды интеллект бірнеше миллисекундта ақаудың көлемі мен координатын шығарады. Құрылғының артықшылығы көп орынды қажет етпейтінінде. Инженерлер оны кез-келген көлікке жарты сағатта орнататын көрінеді.
— Жүріс датчиктері бар. Бұл жолдың нақты шақырымын көрсетеді. Кейін көлденең немесе тегіс екенін анықтайтын жаднамаға сол ақпаратты жібереді. Ал, осының бәрін жасанды интеллект біріктіреді. Құрылғының басты құралы бейнекамералар. Ол жолдағы ақауларды анықтайды. Тоқетерін айтқанда қосымша датчиктердің бәрі осы камераның көмекшісі, -дейді «жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК инженерлері.
Әзірге қолда бар камераның түсіру көлемі аз. Бір ғана жолақты қамти алады. Бағдарлама іске қосылғанда көлік те жылдамдығын азайтуы керек.
Жасанды интеллект SRDS-ке көрші елдерден құдап түсіп жатқандар көп. Әсересі бұл жүйеге ресейлік инженерлер әуес. Патент ұлттық сапа орталығының еншісінде болғандықтан қызыққандар келіп сатып алуда. Ал, мұндай құрылғы еліміздің 16 өңірінде бар. Олар 2 айда 14 000 шақырым жолға маниторинг жүргізген.
— Әр аймақтың өз мониторингтік алаңдары бар. Біз соларды орталық базадан өңдеп, 100 метр сайын ақаулар бар-жоғын тексеріп шығамыз. Бұрын әрбір белгіні өз қолымызбен сызып шығатынбыз. Инженер кейбір сәттерді байқамай қалуы да мүмкін еді. Ал, бұл жүйе арқылы тәуекелдер азайды. Оның үстіне адами фактр аз болғандықтан, жемқорлыққа жол берілмейді, -дейді орталық сарапшылары.
Жалпы, еліміздегі жол құрылысында жаңа технологиялар кең етек алып келеді. SRDS соның айқын дәлелі. Енді отандық IT мамандар асфальт жабынын ғана емес, әрбір қабатына дейін маниторинг жүргізе алатын жүйе құрастыруға кіріскен. Әзірге әлемде ондай бағдарлама жоқ
Айта кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы елдегі жол сапасын сынаған болатын.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024