26-07-24 |
13240 рет қаралған
ҰҚК Қазақстан – Ресей шекарасындағы қиындықтар туралы хабарлады.
ҰҚК Қазақстан – Ресей шекарасындағы қиындықтар туралы хабарлады

ҰҚК Шекара қызметі осы жылдың 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлады.

Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы «Маштаково» БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған.

Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.

«Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.