Қызылорда облысының прокуратурасы осы жылдың 6 айында алимент өндіру бағытында Әділет департаментіне және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 12 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.
Нәтижесімен 155 жалғыз басты ананың пайдасына 91 млн теңге алимент берешегі өндірілді. Сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген 147 қаскөй борышкер ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік қамаққа алу және айыппұл салу түріндегі жазаға тартылды. Міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 39 жеке сот орындаушы тәртіптік жауапкершілік көрілді.
Прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарып жүрген 18 қаскөй борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, оның 12-і қылмыстық жауаптылыққа тартылды. 9 борышкер сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасына сотталса, 3 іс бойынша бойынша тергеу жалғасуда.
Бүгінгі күні Қызылорда облысында алимент берешегі 380 млн теңгеге дейін төмендеп, еліміздегі берешегі ең аз аймақтың алдыңғы қатарында.
Сонымен қатар облыс прокуратурасы құмар ойындарға 250 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған 154 борышкерді анықтады. Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, немқұрайлылық танытып, букмекерлік кеңселерде құмар ойындар ойнаған.
Мәселен, алимент бойынша 1 (бір) миллион теңге қарызы қалыптасқан тұрғын өзінің шотын 156 миллион теңгеден астам сомаға толықтырған.
Прокуратура органдарымен осы тектес алимент қарыздарын төлемей, құмар ойындарға бәс тігетін борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қабылдануда.
Облыс прокуратурасы борышкерлердің назарын алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) жауаптылық көзделгені туралы ескертеді.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024