31-07-24 |
9510 рет қаралған
Алматы саябақтарына барып шет тілін үйренуге болады.
Алматы саябақтарына барып шет тілін үйренуге болады

Алматыда шет тілдерін тегін үйренуге болады. Қалада Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі мен қала еріктілерінің фронт кеңсесінің қолдауымен «Тілдер саябағы» әлеуметтік жобасы басталды.

Қазір онда қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай және корей тілдерінен курстар бар. Сабақтар аптасына 3 рет өткізіледі, 6 жастан 60 жасқа дейінгі барлық адам қатыса алады. Жоба аяқталған соң қатысушыларға сертификат беріледі.

Лингвистикалық жоба мегаполистің барлық 8 ауданын қамтиды және қыркүйектің соңына дейін қаланың ірі саябақтарында ашық ауада өтеді. Оқу күзгі-қысқы уақытта ауданның комьюнити орталықтары базасында оқу жалғасады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.