08-08-24 |
23010 рет қаралған
Ерлан Тұрғымбаев кінәсін толық мойындап, бес жылға сотталды.
Ерлан Тұрғымбаев кінәсін толық мойындап, бес жылға сотталды

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ісіне қатысты сот үкімі шықты. Астана қаласы ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот Тұрғымбаевты шартты түрде 5 жылға соттады. Сондай-ақ ол 10 жыл лауазымды қызмет істеуден де шеттетілді.

Аталған істе «құпия» белгісі болуы себепті сот жабық өтті. Сот кезінде Ерлан Тұрғымбаев кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан.

Тұрғымбаевқа «ауыр зардаптарға апарған билікті асыра пайдалану» айыбы тағылған еді.

Тұрғымбаев 2019-2022 жылы ішкі істер министрі болған. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босап, президенттің кеңесшісі болған. Биыл көктемде оған айып тағылып, қамауға алынғаны айтылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.