13-08-24 |
4910 рет қаралған
ЕҰУ-да 382 орындық жаңа студенттер жатақханасы ашылды.
ЕҰУ-да 382 орындық жаңа студенттер жатақханасы ашылды

ENU-да жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға берілді.

 Мағжан Жұмабаев көшесі, 10А мекенжайындағы жаңа заманауи ғимаратқа ЕҰУ студенттері биылғы жаңа оқу жылында қоныстана алады.

Студенттер үйін инвестор-құрылыс салушы «Bastau Damu kz» компаниялар тобы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде тұрғызды. Жатақхананың ауданы 4300 шаршы метр, 6 қабат және 158 бөлмеден тұрады. Әр бөлмеде 2 адамнан орналасады.

Студенттер үйінің бірінші кіре берісінде жігіттер, екіншісінде қыздар тұрады. Сондай-ақ әр қабатта коворкинг, оқу залдары, санитарлық бөлмелер, асханалар, бейнебақылау орнатылған. Бірінші қабатта консьерж болады.

Тұрғын үйге қатысты барлық сұрақтар бойынша ЕҰУ Студенттер үйлері дирекциясына

8 (7172) 70 95 68, 8 708 425 17 00 немесе М.Жұмабаева 14 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.