14-08-24 |
4480 рет қаралған
«ҮРКЕР» – 2024 Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды.
«ҮРКЕР» – 2024 Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды.
Медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар байқауға қатыса алады.
Өтінімдер 2024 жылдың 13 тамызынан бастап 1 қыркүйекке дейін қабылданады.
Конкуртық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

  1. Жылдың үздік сұхбаты;
  2. Жылдың үздік репортажы;
  3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;
  4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі;
  5. Жылдың үздік аналитикалық материалы;
  6. Радиостанциядағы үздік жоба;
  7. Жылдың үздік фотосуреті;
  8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
  9. Үздік өңірлік БАҚ;
  10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында);
  11. Үздік подкаст;
  12. Үздік YouTube каналы.
    Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.
    Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «ҮРКЕР» – 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
    «URKER» – баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.