14-08-24 |
4610 рет қаралған
Елордада жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алу фактілері анықталды.
Елордада жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алу фактілері анықталды

Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаментімен келіп түскен өтініш негізінде Достық-Түркістан-Сығанақ көшелері мен Мәңгілік Ел даңғылының алаңындағы мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін бөгет орнату арқылы өз бетімен иеленіп алу фактілері бойынша үш шаруашылық субъектісіне қатысты тексеріс жүргізілді.

Тексеру барысында бұзушылар ҚР Жер кодексінің 44-2 – бабының 19-тармағын бұза отырып әрекет еткені анықталды, яғни аталған бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеусіз жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді.

Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу ретінде сараланады және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 136 бабына сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарды бір ай мерзімде жою бойынша Департаментпен нұсқама берілді және жалпы сомасы 2 млн. 30 мың 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Нұсқама талаптары заңда белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 164-1 бабына сәйкес жергілікті атқарушы органмен жер учаскелерін мәжбүрлеп босату туралы сотқа талап арыз жолданады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.