19-08-24 |
7900 рет қаралған
«AMANAT» партиясының мүшесі 7 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді.
«AMANAT» партиясының мүшесі 7 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

Естеріңізге сала кетейік, кеше » AMANAT » партиясы жетекшілерінің бірі сексуалдық зорлық жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған болатын.

Бүгін жеті жасар балаға жасалған зорлық-зомбылықты сараптама растайтынын, айыпталушының есімі Серікқан Жақыпов екені айтылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

AMANAT облыстық филиалы Жақыповтың енді партияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді:

«Партия Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысына қатысты осы жылдың 1 тамызында өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

2024 жылдың 31 наурызында Жақыпов Ақсу аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Депутат Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында тұрады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.