20-08-24 |
4790 рет қаралған
Семейде кәсіпорын жұмысшыларға екі жылдан бері зейнетақы аудармай келген.
Семейде кәсіпорын жұмысшыларға екі жылдан бері зейнетақы аудармай келген

Семей қаласында «Зеленстрой Семей» ЖШС еңбек ұжымына жұмыс берушінің 2 жыл бойы 69 млн теңгеге зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды төлемеген. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Кәсіпорын қаржылық жағынан тұрақты болғанына қарамастан, жұмыс беруші өз еркімен берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдамаған.

«Осы кәсіпорында 2022 жылдан бастап осы кәсіпорында 319 млн теңгеге салық берешегі болғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 200-ден астам жұмысшылардың құқықтары қорғалып, бюджетке 300 млн теңге салық берешегі өндірілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.