20-08-24 |
3980 рет қаралған
Өскеменде мас жүргізуші гүлзарға кіріп кетті.
Өскеменде мас жүргізуші гүлзарға кіріп кетті

18 тамызда кешке 30 жастағы шығысқазақстандық көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып, гүлзарға «тұрақтаған».

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның масаң күйде көлік басқарғанын анықтаған. Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қағидаларын  қатаң сақтауға, жолдарда мұқият болуға және бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.