28-08-24 |
4330 рет қаралған
«Даму» бағдарламасы арқылы ақша уәде еткен әйел ұсталды.
«Даму» бағдарламасы арқылы ақша уәде еткен әйел ұсталды

Елорда полицейлері 35 жастағы әйелді ұстады. Ол бизнесті дамытуға көметесуге уәде беріп, жәбірленушіден ақша алған.

«Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, бизнесті дамыту үшін «Даму» бағдарламасы бойынша қолдау алуға көмектесуге уәде берген. Қаскүнем тиісті ұйымдағы танысы арқылы инвестициямен қамтамасыз ете алатынын мәлімдеген. Өзінің қызметі үшін 1 млн 230 мың теңге талап еткен. Қаражатты алғаннан кейін, ол ақшаны өзіне иемденіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған», – деп хабарлады полиция.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қаржылық операциялар жүргізген кезде қырағы болу керектігін ескертеді және ақшаны аудармас бұрын ақпаратты тексерудің маңыздылығын еске салады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.