Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры Асан Айдарханов Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген зерттеу жұмыстары жайлы айтты.
Барлығы 40 жыл ішінде (1949-1989 жж.) Семей сынақ полигонында (ССП) жалпы қуаты 50 мегатоннан асатын 456 ядролық сынақ жүргізілді. 1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» № 409 Жарлыққа қол қойды.
2008-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының мамандары полигонға кешенді экологиялық зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстың нәтижелері оның бүкіл аумағының ағымдағы радиациялық ахуалын анықтауға, адамға және қоршаған ортаға қауіп төндіретін учаскелерді және шаруашылық айналымға берілуі мүмкін учаскелерді анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленді.
«Қазіргі уақытта климаттық және ландшафттық сипаттамалары бар полигон аумағы әлемде теңдесі жоқ радиобиология және радиоэкология саласында зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей ғылыми зертхана болып табылады. Қоршаған орта объектілерінің радиоактивті ластануын зерттеу, сондай-ақ ССП аумағында да, одан тыс жерлерде де су және ауа ортасын радиациялық мониторингілеу жүргізіледі», – деді институт директоры.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024