Президент жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Париж олимпидасына қатысқан спортшыларды қабылдау кезінде президент Тоқаев спорт саласын сынға алған еді.
Қабылдауда сөйлеген сөзінде президент спорт саласына қыруар қаржы бөлінгенімен, нәтжие жоқтығын әрі дұрыс қаржылық саясаттың болмауынан ақша желге ұшып жатқанын айтқан ед
Мемлекет ең жоғары деңгейдегі спортшыларды дайындауға жеткілікті мөлшерде қаржы бөледі. Сондықтан жұртшылықтың халықаралық жарыстарда кейбір спорт түрлерінен жүлде күтуі – заңдылық. Салалық ведомство спорттың олимпиадалық түрлерін дамыту ісінде кеткен жүйелі қателіктерді егжей-тегжейлі талдауға тиіс. Кешенді реформа жасайтын уақыт келді, – деген болатын.
Президент сынынан кейін туризм және спорт министрі қызметінен алынды. Жаңа министр кім болатыны белгісіз. Президент айтқан спорт саласындағы реформа қалай жүретіні де беймәлім.
Спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың қалай болатыны президенттің алдағы жолдауында сөз болатыны анық болып тұр.
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024