03-09-24 |
11760 рет қаралған
Жат діни ағым өкілдері зорлық-зомбылық идеологиясын таратқан.
Жат діни ағым өкілдері зорлық-зомбылық идеологиясын таратқан

Осы жылдың тамызында деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды.

ҰҚК-нің мәліметінше, олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде.

Олардан заттай дәлелдемелер табылған, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар.

Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған.

Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.