06-09-24 |
4910 рет қаралған
Сот шешімі бойынша Алматыда кезекті көлік жуу орны бұзылды.
Сот шешімі бойынша Алматыда кезекті көлік жуу орны бұзылды

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, Бурундайская көшесі, 91/10 бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету автожуу орнын сот заңсыз деп таныған.

Бұған дейін учаскені жалға алушы (жеке тұлға) жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Кейінірек басқарма заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға талап арыз берді. Алматы қаласы СМЭС-тің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен объект өз бетінше салынған деп танылды және бұзу туралы талап-арыздар қанағаттандырылды.

Алматы қалалық сотының ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

Нысанды бұзуды жалға алушы бүгін Әділет департаментінің сот орындаушыларының көмегімен өз бетінше бастады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.