09-09-24 |
2640 рет қаралған
Маңғыстауда балалар уланған мектептің асханасы жабылды.
Маңғыстауда балалар уланған мектептің асханасы жабылды

Мұнайлыда №8 мектепте балаларды тамақпен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының білім басқармасы хабарлады. 9 қыркүйектен бастап балаларға тегін ыстық тамақ уақытша берілмейді.

– Балалардың тамақтан улануына қатысты сараптамалық қорытынды алынғанға дейін мектеп асханасының жұмысы уақытша тоқтатылады.  Қорытынды негізінде тиісті шаралар қабылдануда, – деп атап өтті мемлекеттік органда.

Балалардың сабақтары бұрынғы тәртіппен өтеді. Денсаулығына байланысты сабаққа қатыспаған балаларға пәндер бойынша оқу бағдарламаларын меңгерту мақсатында, сауыққаннан кейін қосымша сағаттар ұйымдастырылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.