Осы жылдың 8 айында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 1900 азаматты, оның ішінде қос азаматтығы бар 296 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, соттардың қаулыларымен 710 шетелдік елімізден тысқары шығарылды, олардың барлығына 5 жыл мерзімге елімізге кіруге тыйым салынды.
Мәселен, «Мәскеу-Өскемен» бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Өскемен қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп 55 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Тексеру барысында ұсталғаннан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қос азаматтығы анықталды.
Көлік полицейлері құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.
Сот шешімімен ресейлік азамат 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жауапқа тартылды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024