6 ай бұрын Алматыда «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін ұрып-соғып, көлікпен бірнеше рет басқан экс-депутаттың ұлы Асқар Тастандиев кісі өлтіру дерегі бойынша тергеуге алынған болатын.
Алайда іс тоқтатылған екен.
«Қазір қылмыстық қудалау органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдады», – делінген ведомство хабарламасында.
Көрсетілген бапқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі заңда белгіленген тәртіппен куәландырылған күдіктінің, айыпталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр сырқаты болған жағдайда тоқтатылады.
Әкесі – ҚР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы депутаты (1994-1995), Талдықорған облысы прокурорының аға көмекшісі болып қызмет атқарған Саламғазы Тастандиев.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024