12-09-24 |
23270 рет қаралған
Қырғыз көкпаршылары: Қазылар балағаттап, полиция, арнайы жасақ сабады, ҰҚК қорқытты.
Қырғыз көкпаршылары: Қазылар балағаттап, полиция, арнайы жасақ сабады, ҰҚК қорқытты

5-ші дүниежүзілік Көшпенділер ойына аясында өткен Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршылары арасындағы ойыннан дау шықты.

Көкпардан Қырғызстан құрамасының басшысы Эрлан Абдыкапаровтың айтуынша, қазылар қырғыз көкпаршыларын балағаттап, полиция мен арнайы жасақ ойыншылары сабаған, ал ҰҚК қорқытқан.

Әділетсіз болатыны білдік, бірақ дәл мынандай дәрежеде болады деп ойлаған жоқпыз. Қазылар бізді балағаттады, ал полиция мен арнайы жасақ біздің ойыншыларды сабады. Маған ҰҚК қызметкері келіп, куәлігін көрсетіп, суретке түсіріп алды да «халықтар арасына алауыздық» туғызып жатырсың деп қорқыта бастады. Қысым өте қатты болды. 3:1 есебімен есебімен алға шыққан соң, бізге қайта шығып ойнауды ұсынды, әділ болады деді. Екінші таймда бізді әділ бағаламады. Қазақстан тарапы осындай әділетсіздік пен ұйымдастыру ісінен қателік жібереді деп ойлаған жоқпыз. Егер оларда титтей намыс болса, мұндай жеңісті тойламайды. Біздің жігіттер барын салды. Мен үшін бұл 12 ойыншы – чемпион, – деп айтқан Эрлан Абдыкапаров akipress агенттігіне берген пікірінде.

Көкпар финалында Қазақстан құрамасы 5:4 есебімен Қырғыз көкпаршыларын жеңді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.