18-09-24 |
2960 рет қаралған
Мережко: Украинаның жеңісі – Қазақстанның мүддесіне сай келеді.
Мережко: Украинаның жеңісі – Қазақстанның мүддесіне сай келеді

Президент Қ.Тоқаевтың Германия канцлері Шольцпен кездесуінде айтқан «Ресей әскери тұрғыдан жеңілмейді» деген сөзі Украина тарапына ұнамаған.

Украина жоғарғы рада депутаты әрі сыртқы саясат комитетінің төрағасы Александр Мережко «Украина жеңісі – Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай келеді» дей келіп, «Ресей әскери тұрғыдан жеңілмейді» деген сөзді аңыз деп атаған.

«Ресей жеңілмейді деу – аңыз. Украина Ресейге Киев, Харьков, Херсонда тойтарыс берген. Ресей 1865 жылы Қырым соғысында, 1905 жылы орыс-жапон соғысында, I дүниежүзілік соғыста және 1920 жылы совет-польша соғысында, 1979-1989 жылдары ауған соғысында, 1996 жылы Ишкерия соғысында жеңілген»,- деді депутат.

Сондай-ақ ол Ыстамбұл келісімі туралы да пікір білдіріп, ол жерде ешқандай келісімге келу болмағанын айтқан.

Мережко Қазақстан өзінің қауіпсіздігін ойлау керектігін айта келіп: «Орыс тілді азаматтарды қорғау сылтауымен Ресей Қазақстанның солтүстігін аннекциялауға талпынуы мүмкін, өйткені мұндай пікір Ресейде сонау Солженицын кезінен бері айтылып келеді», – деп пікір айтқан.

Мережконың пайымдауынша, қазақ қоғамы Украина жеңісі – Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай келетінін аңдайды.

Ресей – Қазақстанның стратегиялық әріптес елі болып саналады. Екі ел шекарасы әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы болып саналады. Қазақстан сыртқа саясатта көпвекторлы бағытты ұстанады. Мемлекеттік биліктің ұстанымы бойынша, қазіргідей халықаралық шиеленісті жағдайда көпвекторлы сыртқы саясат ең ұтымды жол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.