19-09-24 |
3110 рет қаралған
Биыл адамдарды бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобы ұсталды.
Биыл адамдарды бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобы ұсталды

Осы жылы полиция қызметкерлері бопсалаудың 400-ден астам дерегін тіркеген, оның 39-ы мектептер мен колледждерде жасалған.

Оқу орындарында 60 мыңға жуық профилактикалық іс-шара өткізілді, онда бопсалау, буллинг және зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты проблемалық мәселелер талқыланды. Мектептер мен колледждерде анонимді сауалнамалар жүргізіліп, оқушылар арасында бопсалаудың 50-ден астам ықтимал фактісі анықталды. Барлық жағдай тексерілетін болады.

Мұндай фактілерді уақытылы анықтап, жолын кесу жасөспірімдер қылмысының алдын алуға ықпал етеді. Жыл басынан бері бопсалаумен айналысатын 23 жастар тобының әрекетіне тосқауыл қойылды.

Мәселен, қыркүйек айында Ақтөбе қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері колледждің кәмелетке толмаған студентін ұстады. Ол 15 жастағы жасөспірімнен 50 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдікті құрықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысында жасөспірім жеке деректерді таратамын деп қорқыту арқылы өз қатарластарынан ақша бопсалаған. Осындай 8 факт тіркеліп, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Петропавл қаласында полиция қызметкерлері жастар тобының мүшелерін ұстады. Олар зорлық-зомбылық пен қорқыту арқылы жәбірленушілерді қарыз рәсімдеуге мәжбүрлеп, кейіннен оны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Күдіктілер қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, қылмыстың бұл түрі үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі үнемі бақылауда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.