24-09-24 |
2680 рет қаралған
Елімізде су тасқынын болжау жүйесі әзірленуде.
Елімізде су тасқынын болжау жүйесі әзірленуде

Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы су тасқыны жағдайын ғарыштан мониторингтеу үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын баяндады.

Оның бірінші кезеңі тарихи және жедел гидрометеорологиялық деректерді, гидропосттардың нақты координаттарын, реперлердің белгілерін және т. б. жинаудан тұрады.  Екінші кезең GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен интеграциялауды жоспарлап отыр.

«Жүйені тестілік режимде іске қосу осы жылдың 1 желтоқсанына жоспарлануда», — деді Жаслан Мәдиев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.