Дәстүрлі түрде қазақстандық астық пен оны қайта өңдеу өнімдері үшін негізгі өткізу нарықтары Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Қытай елдері болып қала береді. Сонымен қатар, соңғы үш жылда ҚХР-ға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өсті.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының деректері бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап астықпен 582 маршруттық пойыз құрылып, жөнелтілді: 551 экспресс-пойыз астық жүктерін Қытайға, Түркменстанға, Иранға, Ресейге, Өзбекстанға жеткізді. Ел бойынша астық жүктерін маршруттық жөнелтілімдермен тасымалдау үшін 31 құрам ұйымдастырылды.
2024 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша астықтың теміржол тасымалы 5,4 млн тоннадан асты, оның ішінде 4,2 млн тонна экспортталды.
Сондай-ақ 2,3 млн тонна астық өңдеу өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,4%-ға артық. Қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 20%-ға 1,8 млн тоннаға дейін, ал ішкі тасымалдар 9%-ға 500 мың тоннаға дейін өсті.
2024 жылдың қыркүйегінде Ақтау порты арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау үш есеге-90 мың тоннаға дейін ұлғайды. Қазан айында 212 мың тонна тасымалдау жоспарлануда.
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024