6-қазанда өтетін АЭС бойынша референдум қарсаңында Қазақстанда бір топ азаматтық белсенділердің ұсталғаны хабарланған еді. Осыған байланысты мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне сұрау салды.
Мәжіліс депутаттары мен қоғамның сұрақтарына жауап беру керек: Референдум қарсаңындағы бұл не дабыра?
Елдің саяси билігі сіздердің мынау әрекеттеріңізден хабардар ма? Әлде бұл президент Тоқаевтың саясатына қастық жасаушы әлдебір шолақ белсенділердің өзімбілемдігінен туған әпербақандық па?
Жоқ әлде, расында да, 6 қазан қарсаңында елде әкімшілік тұрғыдағы заңбұзушылық жиілеп кетті ме?
Шұғыл түрде жауап күтеміз!, – деді депутат.
Бұған дейін азаматтық белсенділердің ұсталғаны жөнінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлаған еді.
1. Мубараков Айдар – ұсталды;
2. Темірғалиев Нұрлан – ұсталды;
3. Сыдыков Фазылжан – ұсталды;
4. Қазақбай Жанат – ұсталды;
5. Жексембиева Нұргүл – қолхатпен босатылды;
6. Шатеміркызы Акмарал – қолхатпен босатылды;
7. Галина Аккузова – қолхатпен босатылды;
8. Мақсұтов Жеңіс – қолхатпен босатылды;
9. Тоқманбет Рақыш – қолхатпен босатылды;
10.Азат Төлеухан – қолхатпен босатылды;
11.Жауанбаев Нұрлан – істің мән-жайы анықталуда;
12.Ерболат Аубекиров – істің мән-жайы анықталуда;
13.Жаслан Копеев – әкімшілік іс;
14. Талғат Игісінов – 15 тәулікке қамалған;
15. Жансеитов Бакытжан – әкімшілік іс;
16.Марат Мусабаев – 20 тәулікке қамалған.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024