03-10-24 |
4810 рет қаралған
«Коlesа.kz» қосымшасына жалған хабарландыру салған азамат сотталды.
«Коlesа.kz» қосымшасына жалған хабарландыру салған азамат сотталды

Кінәлі азамат «Коlesа.kz» қосымшасында автокөлік бөлшектерін сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Ол жәбірленушілерге автокөліктердің қосалқы бөлшектерін әртүрлі қалаларға жіберуге уәде беріп, қылмыстық ниеттерін жасыру мақсатында оларға банктік деректемелер мен жалған сатып-алу шарттарын жіберіп, ақша қаражатын алғаннан кейін, телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан.

«Осылайша, ол  32 азаматты алдап, олардың 4,8 млн теңгеден астам қаражатын иемделген. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.