03-10-24 |
1930 рет қаралған
Ресей Теміртау тұрғынын экстремистер тізіміне қосты.
Ресей Теміртау тұрғынын экстремистер тізіміне қосты

Надежда Россинская (Надин Гейслер) Украина қарулы күштерін қаржыландырды деген айыппен осы жылдың ақпан айынан бері тергеу изоляторында отыр. 2 қазанда Ресейдегі лаңкестер мен экстремистердің тізімі тағы да жаңартылды. Оған екі адам қосылды, оның бірі Россинская. Тізімде көрсетілгендей, қыз 1995 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген.

Orda.kz жазуынша, Надин Гейслер деген атпен белгілі волонтерді Ресей билігі Украина армиясын қаржыландырды деп айыптап отыр.

7×7 деректері бойынша, Украинада толық ауқымды соғыс басталғанға дейін Россинская фотограф және модель болған. 2022 жылы ол «Сұлулар армиясы» еріктілер бірлестігін құрады. Оған қатысушылар Украинаның оккупацияланған аумақтарынан үй жануарларын шығарып, гуманитарлық көмек жіберіп отырған.

2023 жылдан бастап Россинская Грузияда тұрды, бірақ 2024 жылдың басында ол Мелитопольден үй жануарларын шығаруға жеке көмектесу үшін Ресей Федерациясына оралған.

Сол жерде қызды ФСБ қызметкерлері ұстады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.