03-10-24 |
1820 рет қаралған
Телеграм админі оқырмандарына суицидке бағытталған команда жіберген – прокуратура.
Телеграм админі оқырмандарына суицидке бағытталған команда жіберген – прокуратура

Алматы прокуратурасы өз-өзіне қол жұмсау контентінің қолжетімділігін шектегендерін мәлімдеді.

«Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары күйзелістік контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады. Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды»,  -деп хабарлады прокуратура.

2024 жылы 23 қыркүйекте сот, Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды.

Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.

Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.