06-10-24 |
1050 рет қаралған
БІР КӨШЕНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ КЕЛУДІ ҚҰП КӨРГЕН.
БІР КӨШЕНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ КЕЛУДІ ҚҰП КӨРГЕН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі» деп бірқатар тапсырма берген болатын. Осы орайда ауданымызда комиссия шешімімен апатты деп танылған үйлер құлатылып, орнына жаңа үй салу жұмыстары бастау алды. Сайып келгенде, апат орын алған Аңқаты ауылдық округінде 23 тұрғын үйдің құрылысы қайтадан салынып, өз иелеріне табысталды. Мінекей, бүгін сап түзеген бір көшенің тұрғындары бір мезетте референдумға келуді құп көрген.

Су жаңа баспананың иесі, аңқатылық Ғали Жүсіп:
— АЭС салу — ел болашағына қатысты үлкен мүмкіндіктерге есік ашады.
АЭС салу арқылы ел экономикасын арттыру үшін бірқатар бағыттарды айқындап берді. Отандық электр энергия саласын жаңарту дұрыс шешім деп білемін.
Бұл бастама ел болашағы үшін маңызды екені жасырын емес. Оны Мемлекет басшысы да нақты айтты. Алайда қоғамдық, пікірдің де салмағы бар екенін ескеруіміз керек. Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы атом электр стансасын салу немесе салмау мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешуді жөн деп санады.
Әрине, елдің айтар ойы, қосар үлесі зор.
Сондықтан Президенттің мұндай шешімге келуі — қуантарлық жағдай.
Мемлекет басшысының барлық бастамасы елдің ахуалын арттыруға көзделетіні мәлім. Сондықтан біз тек қолдау білдіруіміз қажет деп есептеймін, — деді өз сөзінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.