2023 жылы қаңтарда көз жұмған композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы да өмірден озды. Бұл туралы журналист Ләйлә Сұлтанқызы айтты, деп жазды Azattyq Rýhy.
«Жаңа ғана суыт хабар естідім. Көңілім құлазып отыр. Қазақ «аталатсаң да, боталатпа» дейді ғой. Қазір Арманның жесірі, келіншегіне өте ауыр, қиын. Үлкен ұлы қайтыс болды дегенді естиіп, отбасына қайғырып көңіл айтамын», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Сондай-ақ әнші Мақпал Жүнісова композитордың ұлын біреулер қастандықпен өлтірді деп жазған.
«Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына,қарындасымен бауырына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды Жүнісова.
Еске салсақ, 2023 жылдың қаңтарында композитор Арман Дүйсенов көз жұмған еді.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024