09-10-24 |
6860 рет қаралған
Қостанай облысындағы табиғи өртті сөндірілді.
Қостанай облысындағы табиғи өртті сөндірілді

Кеше Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылынан 15 шақырым жерде алдын ала болжам бойынша 5000 га алаңда құрғақ шөп өртенді.

Желдің екпіні 25 м/с дейін жетіп, өрттің таралуына әкелуі мүмкін болды. Өрттің мемлекеттік қордың орман алқабына өту қаупі туындады.

Өрт ошақтарына дереу құтқарушылар топтары, оның ішінде өрт сөндіру авиациясы тартылды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 200-ге жуық адам, ТЖД, ЖАО 34 бірлік техникасы, тікұшақтар мен өрт пойызы жұмылдырылды. 7 рет жалпы көлемі 18 тонна су төгілді.

ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов, ТЖ жою департаментінің бастығы Мақсат Дәулетьяров және Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов жіберілді. 

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдары мен өртті ауадан және жер үсті тәсілімен сөндіру бойынша қабылданған шаралардың арқасында өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты ауданы белгіленуде.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.